Хакерлер UFC спортшы қыздарының жалаңаш суреттерін таратып жіберді

Бұл туралы The Sun хабарлаған.

Басылым мәліметінше, хакерлер құрбаны болғандар қатарында UFC спортшысы Тиша Торрес, Ракель Пеннингтон, Джессамин Дьюк және Анджела Магана. Суреттер қыздардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан ұрланған. 

Тиша Торрес пен Ракель Пеннингтон UFC чемпиондары. Ал Джессамин Дьюк және Анджела Магана Invicta Fighting Championships әйелдер арасында өтетін чемпионатта өнер көрсетеді.