"Халал" шынымен адал ма?

Мұхаммед-Құсейін қажы Алсабеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі:

-Халал сөзін пайдалануға болмайды. Мысалы, отыратын такси. Оған мұсылман, мұсылман емесі де отырады. Неге отырмайды? Отыруға болады. Бұл жердерде халал деген сөздің керегі жоқ.

Бірақ аңқау елге арамза молданың кері кеп тұр. Мәселен, 2012 жыл Оңтүстік астанада халал қызметтін ұсынушы 100-ге жуық мекеме болса, енді оның саны еселене түскен. Соның бірі – сауна қызметі.

-Бұл саунаның ережесі бойынша, заңды неке туралы куәлікті көрсеткен жағдайда ғана ішке кіруге рұқсат алады. Сөйтіп мынадай кітапшаға тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, бұл жерде арақ ішуге, темекі шегуге және шаш бояуға тыйым салынған.

Ал мынау тек мұсылман қыздарға арналған фитнес орталығы. Тек оған ішке кіріп, көз жеткізуге рұқсат ала алмадық. Ерсі көрінер, десе де бізде көлік жөндейтін халал орталықтар да баршылық екен.

Асқар Абдуллаев, механик:

- «Халал» дегенде, біз келген клиенттерге адал үрлеп беру, дөңгелектерін таза жасап беру біздің міндетіміз.   

Ал мемлекеттік стандарт бойынша халал атануға бұл мекеменің бірде-бірі заң тұрғылысына құқылы емес екен. Бірақ бақылау мен реттеудің жоқтығынан осыған ұрынудамыз. Құдды бизнес брендіне айналғандай. Оны осы істің мамандар да өтірік дей алмай отыр. 


Нұрлан Дәлетбаев, «Ата-баба дәстүрі мұрасы» тұтынушылар құқын қорғау қорының президенті:

-Бұл ешқандай заңмен бекітілмеген. Сертификат деген жоқ. Куәлік қана беріледі. Ал бізде 3-ақ стандарт қана қабылданған. Мысалы, шұжыққа, туризмге және қонақ үй қызметіне. Ал басқасы заңсыз жасап жатыр. 

Десе де халал қолданысы аспен немесе қызметпен ғана шектелмеуде бүгінде. Соның бір - «халал той» ұғымның қалыптасуы. Мадияр сондай асабаның бірі. Бес уақыт намазға берік жігіт тек ішімдіксіз той басқарады.

Мадияр Серікбаев, асаба:

-Ең бастысы бір-ақ нәрсе – дастарханда алал нан, арақ-шарап болмаса. Қалағанын әнімізді айтып, биімізді билеп, ойнымызды, әзілімізді жасаймыз.  

Жалпы бүгінде ғаламның 122 елінде 1 жарым млрд.-қа жуық мұсылман бар. Ал осының есебінен өндірілеген тауар құны жылына 3 триллион долларға жетеді екен. Демек, бұл да халал ұғымы маркетингке айналғанының нақты айғағы.