Халқының нақты табысы бойынша Астана Республика көлемінде үшінші орында

"Халықтың нақты табысы өскен, қазіргі жұмысшылардың орташа жалақысы 60 мың теңгені құрап отыр", - деді А. Мамин. "Осы көрсеткіш бойынша елорда еліміздегі орасан зор шикі және экономикалық мүмкіндіктері бар Атырау мен Маңғыстау облыстарынан кейінгі үшінші орынға табан тіреді",- деді ол.

Сонымен қатар, әкім ағымдағы жылы "еңбекпен қамту және кәсіби дайындық жөніндегі, сондай-ақ реаблитациялық мекемелердің материалдық базаларын нығайту жөніндегі қосымша шараларды қамтамасыз етуге бағытталған көмектерді кеңейту қарастырылғанын" атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, осы жылы халықты әлеуметтік қорғауға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті