Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін ақпан айының аяғына дейін таңдайды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық банктердің арасынан әріптес таңдау - Халық банкінің жаңа стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Стратегияның басты бағыттарының біріне сәйкес банк орта мерзімді перспективада еуропалық стандарттарға көшуді межелеген.

Г.Марченконың хабарлауынша, Халық банкінің потенциалдық стратегиялық әріптестерінің саны екіден үшке жетті. "Біз стратегиялық әріптес тарту жұмысын маусым айында аяқтауды жоспарлап отырмыз",- деді ол. Бұл сауда-саттықтың бір шарты - таңдап алынған әріптеске Халық банкі акцияларының 25 процентін сатуға саяды.