Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін наурыз айының аяғына дейін таңдайды

Г.Марченконың айтуынша, "негізгі үш стратегиялық инвестормен арадағы келіссөздер 10, 14 және 16-наурызда өтеді". "Олардың арасынан дәл кіммен эксклюзивті келісім-шартына қол қою туралы ақырғы шешім наурыз айының аяғында қабылданады",- деді ол. "Біз барлық инвесторлармен бірнеше мәрте жүздестік. Бірақ бұл біршама ұзаққа созылатын процесс",- деді банк төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық банктердің арасынан әріптес таңдау - Халық банкінің жаңа стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Стратегияның басты бағыттарының біріне сәйкес банк орта мерзімді перспективада еуропалық стандарттарға көшуді межелеген.
Бұған дейін Г.Марченко "стратегиялық әріптес таңдау жұмысын маусым айында аяқтауды жоспарладық",- деп мәлімдеген еді. Бұл сауда-саттықтың бір шарты - таңдап алынған әріптеске Халық банкі акцияларының 25 процентін сатуға саяды.