Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасының атап көрсетуінше, осыдан бірнеше жыл бұрын республикада банкроттыққа ұшыраған банктерді төрт аяғынан тік тұрғызу мүмкіндігіне ешкім де сенбеген. "Осындай күдік-күмәнға қарамастан, Қырғызстан үкіметі мен Қырғызстан Ұлттық банкі халықаралық ашық тендер өткізді",- деді ол.
Ұ.Сарбановтың айтуынша, бұрынғы "Қайрат" банкінің тағдыры шешімнің дұрыстығына дәлел болмақ.
"Қайрат" банкі акцияларының қоржынын Қазақстандық банкке сату нәтижесінде Қырғызстан бюджетіне 1,25 млн. доллар көлемінде түсім түсті. Сонымен бірге Қырғызстан Халық банкінің жұмысы тұрақты жақсара түсуде.