Қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР тұрғындары айырбастау бекеттерінен 302,3 миллиард теңге сатып алған. Бұл үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 2016 жылдың қаңтар айынан бері 34,2 пайызға қысқарған.
Биылңы жылдың қаңтар айында қазақстандықтар айырбастау орындарынан небәрі 651 млн доллар сатып алған. Бұл 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 28,5, ал қаңтар айымен салыстырғанда 39,3 пайызға кері кету.
Ал кіші валюта қоржынындағы өзге екі валютаға деген сұраныс артқан: сатып алынған рубль көлемі 10,8 миллиард. Бұл 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 16,2 пайызға көп.