«БТА банкті сатып алу немесе зейнетақы жинақтау қорына алмастыру туралы келісімнің жай-жапсарын толық жариялай алмаймыз. «Халық» тобына тиімсіз болғандықтан біз келіссөзден шықтық», - деді Ү.Шаяхметова. Үміт Болатханқызы бұған дейін БТА банкін сатып алуға ұсыныс жасалғанын, алайда шешім тәуелсіз аудиттің қорытындысынан кейін ғана белгілі болатынын жариялаған еді.