"Бұл мәселеден Алматылықтар зардап шекпейді",- деп атап өткен президент "өмірдің өзі республика орталығы -Астана қаласына ден қоюға мәжбүр ететіні хақ",- деді.
Елбасының айтуынша, "рейстердің бәрін бірдей Асанаға көшіру мүмкін емес". "Тәуелсіздік жылдарында шетелдік компаниялар Алматыға ұшуды әдетке айналдырды. Бұл біріншіден жолаушылардың көптігіне және пайдалы бағыттардың бар екеніне байланысты. Бірақ қазір Елдің бас қаласы Елордасы -Астана. Мұнда қазіргі заманғы ұшып-қону алаңы мен заманауи терминал салынды. Сондықтан ұлттық тасымалдаушы, ТМД аясындағы таңдаулы компания "Эйр Астананың" мақсат-мұратын да түсінуге болады және бұл қалыпты жағдай",- деді президент.
Қазіргі таңда , Н.Назарбаевтың айтуынша, Атырау әуежайының құрылысы аяқталды, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент әуежайлары жаңалануда. "Қазақстанға деген қызығушылық жоғары. Келушілер ағыны арта түсуде. Сол себепті тепе-теңдік ескеріледі",- деді мемлекет басшысы.