Жаңалықтар орталығының ақпаратына сүйенсек, қарыз беру келісіміне Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының Римдегі штаб-пәтерінде 17 маусымда қол қойылған. БҰҰ баспасөз хатшысы Мишель Монтастың Нью-Йоркте өткен брифингте хабарлағанындай, бұл жоба Әзербайжанның солтүстік-батысындағы ауылдық жерлердегі кедейшілік ауқымын қысқартуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры БҰҰ-ның арнайы мекемесі болып табылады. Жұмыс істеген 30 жылында қор әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі ауылдың 350 млн кедей тұрғынына көмек көрсететін 700-ден астам бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға қарыз бен грант түрінде 10 млрд АҚШ долларынан астам көлемде қаражат ұсынған.