Бұл туралы Еуропаның баспасөз құралдары жарыса жазуда. Бір сараптаманың қортындысына сүйеніп, ұлардай шулаған шетел журналистері Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сойылын соғып жатыр. Осыған қарағанда, ауыр атлеттерімізге қарсы ақпараттық соғыс басталғандай. Айта кетсек, Хьюстон қаласында өткен әлем біріншілігінде Өтешов, Қажырбаев пен Ермек Өміртай күш-қуат беретін дәрі-дәрмекпен жеңіске жетті деген күдіккке ілінген. Ал спорт басшылары зілтеміршілердің допинг қабылдағаны нақты дәлелденген жоқ деп отыр. Сондықтан жақында үлкен халықаралық дауға іліккен спортшыларымыз қайта қан тапсыруы тиіс.
Loading...