Халықаралық автомобиль федерациясы Қазақстанда айналма автожарыс пен картинг жарысын өткізуге ниетті

Жүздесу барысында халықаралық федерация басшысы Қазақстанда айналма автожарыс пен картинг жарысын өткізуді ұсынды.

Жүздесу барысында сондай-ақ мәртебелі мейман Ж.Тодт мырза Қазақстанға сапарының маңызын айта келе, бұл ретте ең алдымен халықаралық федерацияның елдегі өкілдігі болып табылатын Қазақстанның автомотоспорт федерациясының жұмысымен танысуға ниетті екендігін жеткізді. Оның айтуынша, Халықаралық федерацияда 2010 жылдан бері «Жол қауіпсіздігі үшін ФИА әрекеттері» атты бағдарлама жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама негізінен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесуден соң агенттік төрағасының орынбасары М.Омаров Ж.Тодт мырзаның өз сапары аясында ІІМ Жол полициясы комитетінің башылығымен кездесуді жоспарлағанын айтты. Кездесу қорытындысына сәйкес, «Жол қауіпсіздігі үшін ФИА әрекеттері» бағдарламасына Қазақстанның да қосылатындығы туралы сертификатқа қол қойылуы күтіліп отыр.