Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, "кез-келген мемлекеттің жоғарғы сайлау органы сайлаулардың ашық және демократиялық жағдайда өткізілуін қамтамасыз етіп, сайлау процессіне қатысушылардың бәріне бірдей жағдай жасалуына кепіл болуы тиіс". Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының сайлауына бақылау жасаушы қауымдастықтың аралық баяндамасын таныстырған сарапшылар Қазақстанда "саяси мәдениеттің арта түскенін" атап өтті. Бұл сайлау науқанын өткізуге өзіндік әсерін тигізді дейді олар. Алайда, ҚР Орталық сайлау комиссиясының соңғы әрекеттері "екіжүзділік саясат ұстану бұрынғыдай сақталғанын" және сайлаудың төмен деңгейде ұйымдастырылғанын айғақтап отыр, дейді бақылаушылар.
Мәлімдеме авторлары 14-қыркүйекте республикалық телеарналар "Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағының" үгіт-насихат ролигін көрсетуді доғарғанын еске салды. Мұндай жағдайға комиссия хатшысы В.Фоостың қолы қойылып, Орталық сайлау комиссиясынынң атынан телекомпанияларға жолданған "блоктың атауы теріс көрсетілген жарнама болуына байланысты бейнероликті көрсетуді доғару туралы ұсыныс жасалған" хат түрткі болды.
ҚДТ партиясының өкілі Наталья Чумакованың В.Фооспен телефон арқылы сұхбаты барысында комиссия хатшысы "бейнероликті көрсетуді доғару туралы шешімді өзі қабылдағанын" хабарлаған.
Бақылаушылардың айтуынша, заңға сәйкес, "Орталық сайлау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен қабылданады, демек, комиссия хатшысының бейнероликті көрсетуді доғару туралы ұжымдық талқылаусыз жеке қабылдаған шешімі заңды деп қабылдануға тиіс емес".
Қауымдастық өкілдері "үгіт-насихат жұмыстарының мерзімі заң бойынша қатаң шектелгендіктен, дәл сайлау қарсаңында мұндай оқиғаға жол беруге болмайды" деп атап көрсетті.
Сонымен бірге ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның "31 телеарна" журналистеріне сұхбат беруден жариялы түрде бас тартуы да бақылаушылардың алаңдаушылығына негіз болып отыр. Комиссия төрайымы қоғамдық кеңестің осы аптадағы отырысы барысында аталмыш телернаға сұхбат бергісі келмейтінін айтып ағынан жарылды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының мұндай әрекеті теріс дейді бақылаушылыр. Қауымдастық "барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын БАҚ-тар, үміткерлер, саяси партиялар мен сайлау блоктарына қатысты екіжүзділіктен бас тартуға және дауыс беру қортындысына әсер ететіндігіне байланысты "үкіметті жақтаушы" және "оппозициялық" деген анықтауыштарды қолдануды доғаруға" үндеді.