Халықаралық бақылаушылардың берген оң бағасы Қазақстандағы саяси реформаның тиімділігін көрсетеді



"Біздің елемізге бірінші рет беріліп отырған мұндай оң баға Қазақстан саяси реформада да дұрыс бағыт алып келе жатқандығын паш етеді",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

"Біз көптеген бақылаушыларға ризамыз, дүниежүзінен 1400-дей бақылаушы болды. ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ өкілдері қатысты",- деп атап өтті Н. Назарбаев. "Олар көп жұмыс істеді, бізге көмектесіп, жалпы оң баға берді",- деп қосты ол.