Халықаралық «Бастау» кинофестивалі шымылдығын ашты


Оның 20 пайызы қазақстандық тәлімгерлер еңбегі екен. Енді қазылар аталмыш туындыларды тағы бір мәрте қарап, үздіктерді анықтауы тиіс. Жұмыстар қолданылған тәсілі, ерекше кадр мен тақырыбы бойынша іріктеледі. «Ең үздік» деп танылған 3 кино көрермен назарына ұсынылмақ. Тағы бір айта кететін жайт, биыл туындылар ойын киносы және деректі болып екі бағытта өткізіледі екен. Бес күнге созылатын бұл халықаралық байқаудың жеңімпазы 20-шы қазан белгілі болады.