Естеріңізге сала кетейік аталған ұйым 2012 жылы бендиден әлем чемпионаты Алматыда өтеді деп шешілген болатын. Борис Снырынник өз сөзінде бүгінгі жалауды табыстау рәсімі алдағы әлем чемпионатын өткізуді растау шарасы екендігін атап өтті. Ұйым туын қабылдап алған қала әкімі әлемдік чемпионатты Қазақстанда өткізу мүмкіндігі мен құрметі үшін қонаққа алғысын білдіріп, «Медеуде» аталмыш ойындарды сәтті өткізу үшін қолдан келгеннің барлығы жасалатынына сендірді.