Халықаралық бокс федерациясы күзде Головкин - Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес - Том Леффлер


Ондағылар қазақстандық боксшы мен канадалық Давид Лемьенің алдағы уақытта жекпе-жекке шығуларына еш кедергі жоқтығын айтты, деп хабарлады Аllboxing.ru.

 «Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемьеның кездесуін ұйымдастыруға ешқандай кедергі жоқтығын растады, - деп мәлімдеді Леффлер. - Мықтылар мықтылармен айқасуы тиіс. Golden Boy,  ендеше жекпе-жекті ұйымдастырайық».