Халықаралық CDC ұйымы Алматыда менингит пен қызылшаның таралу себептерін тексерді

Бұл баяндама СЭС-тің жұмысына арналып ертең, 22-ақпанда Алматыда өтетін қорытынды кеңесте жария етіледі, деп хабарлайды Е.Лавлинская. Кеңесте сонымен қатар 2004-жылғы санитарлық-эпидемилогиялық ахуал, жүзеге асырылған шаралардың жағдайы мен 2005-жылғы міндеттер талқыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың қазан айы мен 2005-жылдың ақпаны аралығында Алматыда қызылшаға шалдығу оқиғасы 2 мың мәрте тіркелді. Осы мерзімде 150 мың адамға вакцина егілді. Қазір елімізде қызылша мен қызамыққа қарсы ұлттық вакцина егу шарасы басталды. Ол 2005-жылдың 7-наурызына дейін жалғасады.
Республикалық СЭС-тің мәліметі бойынша, жаз бойы Алматыда менингитке шалдығу оқиғасы 772 мәрте тіркелді. Бұл дертке көбінесе 7-14 жас аралығындағы балалар шалдықты. Жалпы алғанда 2004-жылы еліміз бойынша менингиттің түрлі формаларына ұшырауға қатысты 911 дерек тіркелген. Алматымен бірге менингит індетінің ірі ошағы Шығыс Қазақстан (52 адам), Қарағанды (23 адам), Павлодарда (10 адам) анықталды.