Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, осы ұлттық бағдарламаның жүзеге асуы кеше Қырғызстан Республикасының үкімет үйіндегі арнайы жиналыста талқыланған.
Жиналыс барысында Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаев "бағдарлама аясындағы шараларды орындау донорлық грант қаражаты тартылған көп салалы әдістеме негізінде іске асырылып жатыр", - деп хабарлады.
Министр орынбасарының айтуынша, донорлардың 2006 - 2010 жылдарға есептелген ұлттық бағдарламаның жүзеге асуына жіберген қаражатының жалпы сомасы 57,5 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, 2006 жылы 7,5 млн АҚШ доллары, 2007 жылы 13 млн АҚШ доллары бөлінген. Ал 2008 жылы 16,5 млн АҚШ долларын бөлу көзделіп отыр.
Баяндама барысында М. Қаратаев: "2007 жылдың алғашқы 10 айында өткен жылдың сол уақытымен салыстырғанда республикада туу деңгейінің болмашы өсуі байқалып отыр. Ал жалпы өлу деңгейі бұрынғы қалпында қалды", - деп атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті