"Үкімет тарапынан қолданылған бүкіл шешім орындалуда. Мұндай тәртіптілік пен реттілікті өз басым көптен бері көрмедім",- деді ол.
Н.Беляев құс тұмауының пайда болуы мен таралуына жол бермеуге септігін тигізетін негізгі екі факторды атады. Ол - халықтың жағдайдан толыққанды хабардарлығы мен БАҚ-тардың жұмысы. Сонымен бірге "жергілікті тұрғындардың тәртіптілігі мен ахуалға түсіністікпен қарауын " да ерекше атауға болады деді ол.
"Біз құс тұмауына қарсы күресте Қазақстанға қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз. Өйткені, Қазақстан мен Ресей - Еуропа үшін шешуші елдер",- деп мәлімдеді бюро маманы.
"Індет вирусы шекара талғамайды. Оған төлқұжаттағы мөр-таңба қажет емес. Егер біз құсы мол Еуропаға құс тұмауын жіберіп алсақ, онда іс бітті дей беріңіз",- дейді сарапшы.
Н.Беляев Халықаралық эпизоотикалық бюроның Қазақстанға мамандар тобын жіберетінен хабарлады. Бұл топ құс тұмауына қарсы күрестің алдағы саясатына қатысты мәселелерді шешетін болады.