Мемлекеттік Қазақстан даму банкінің ұзақ мерзімді рейтингі "ВВ+" деңгейінен "ВВВ-" деңгейіне, қысқа мерзімді рейтингі "В" деңгейінен "Ғ3" деңгейіне дейін көтерілді. Ал тағайындалған рейтингтер бойынша болжам позитивтіден тұрақтыға, қолдау рейтингі "3"-тен "2"-ге өзгертілді.
Ал Халық банкінің қысқа мерзімді, дербес және қолдау рейтингі бұрынғыдай тиісінше "В", "D" және "3" деңгейінде қалды.
Банктердің рейтингісін өзгертуге Қазақстанның шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді рейтингісін "ВВВ-" инвестициялық деңгейге көтеру себеп болды.