Халықаралық ғарыш станциясына барған 13-ші экспедициясының мүшелерін алған "Союздың" аппараты Қазақстан жеріне қонды

Аппарат бортында құрамында ресей ғарышкері Павел Виноградов, АҚШ астронавты Джеффри Уильямс, сондай-ақ 2006 жылғы қыркүйектің 20-сында станцияға он төртінші экспедицияның экипажымен келген АҚШ-тың ғарыштық турисі Анюша Ансари жерге оралды.

Джеффри Уильямс пен Павел Виноградов Халықаралық ғарыш станциясына 2006 жылғы сәуірдің 1-інде "Союз ТМА-8" ғарыш кемесімен барған.

Жерге оралған ғарышкерлердің орнына американдық Майкл Лопес-Алегриа, ресейлік Михаил Тюрин мен неміс Томас Рейтер қалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті