Бортында ғарышкерлер бар капсула Астана уақыты бойынша 7 сағат 9 минутта Арқалықтан солтүстік-шығысқа қарай 57 шақырымға келіп қонды.
11-ші экспедицияның командирі - Ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев пен АҚШ астронавты Джон Филлипс жерге оралды. Сонымен қатар үшінші ғарыштық турист Грегори Олсен де олармен бірге жерге оралды. Ғарыштық турист 12-ші экипаждың құрамында 2005-жылдың 1-қазанында Халықаралық ғарыш станциясына барған болатын.
Ал Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеген 11-ші экипаж мүшелері жер орбитасында жарты жылдай болып, 39 халықаралық ғылыми эксперимент жүргізді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті