Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Якутиядан табылды


Бұл азаматқа Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Өткен жылдың қазан айында ұрлық әрекетіне қатысы болғаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті 2014 жылдың қаңтар айында ізін суытқан, артынша оған іздеу жарияланды. 

Жуырда якутиялық құқық қорғау қызметкерлері ол осы жылдың шілде айында аталмыш республиканың Булун ауданының Тикси кентіне келіп, коммерциялық ұйымға жұмысқа тұрды, деген ақпар алады.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталды, оған іздеу жариялағандар бұл туралы хабарландырылды.