Халықаралық күрес федерациясының басшысы қызметінен кетті

Мұндай шешім жұма күні Таиландтың Пхукет қаласында өткен FILA-ның кезектен тыс отырысында шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Халықаралық олимпиада комитеті күрес түрлерін 2020 жылғы олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастаған еді. Ал күрес федерациясының өкілдері Мартинеттидің жұмысына сенімсіздік білдіріп, оны орнынан алып тастады. Жаңа президент алдағы күндері сайланады.