Халықаралық "Moodys" рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің бағдарламасына "Ваа3" рейтингін берді

"Банк капиталының 100 процент мемлекет меншігінде болуы қажетті жағдайда оған қолұшын беруді жоғары деңгейде кепілдендіреді",- делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан даму банкінің облигацияларын шығару жөніндегі 2002-2005-жылдарға арналған EMTN бағдарламасының жалпы құны 400 млн. долларды құрайды. Бұл бағдарламаның бір мәрте облигация шығару шарасынан айырмашылығы , бағдарлама Қазақстан даму банкінің болашақта бағалы қағаздар шығаруға жұмсалатын шығындары мен мерзімін қысқартуға, сондай-ақ, нарықтағы баға өзгерісіне шұғыл жауап беріп, несие алу мөлшерін несиелік ресурстардың игерілу жағдайына қарай реттеп отыруға мүмкіндік береді.