Халықаралық олимпиада комитеті 2014-жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы Алматының сұраным комитетінің аргументтерін көңілге қонымды деп таппады

“Алматы-2014 сұраным комитетінің төрағасы, шаңғы сайыстарынан олимпиада чемпионы Владимир Смирновтың атқарылған жұмыстардың ауқымы мен қала іріктеудің бірінші раундынан өтіп үміткер-қалалардың қатарына қайткенде қосылатындығы туралы қатаң сендіруіне байланысты үмітіміз болған еді”,- дейді әкімшіліктегі ақпарат көзі. “Алайда Халықаралық олимпиада комитетінің атқару комитеті Владимир Смирновтың халықаралық спорттық ортадағы болуы мүмкін байланыстарына үміт артудың асылық болғанын көрсетті. Соның салдарынан қажетті шаралардың өткізілу жағдайына, сұраным комитетінің штатын қалыптастыруда, Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелерімен байланыстар орнатуда басқа үміткерлерден артта қалғанымызға мән берілмеді”, деді ақпарат көзі.

Алматы-2014 сұраным комитетінің Лозаннаға сапарында журналистердің ауқымды тобы ілесе барды. “Табысқа деген сенімімізді Алматының жеңіске жетуіне байланысты 24-маусымдағы мерекеге алдын-ала дайындала бастау да күшейте түсті”,- деп хабарлайды әкімшіліктегі ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматының кандидатурасын 2014-жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуден үміткер қала ретінде ұсыну жөніндегі сұраным комитеті 2005-жылы құрылды. 2006-жылы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болудан үміткер қала саналу мақсатын жүзеге асыру үшін шаралар кешені жүзеге асырылып, “2014-жылғы Олимпиада ойындары” атты корпоративтік қор құрылып тіркелді. Қазақстан жағының тапсырысымен Швейцарияның бір фирмасы Алматыда Олимпиада ойындарын өткізудің техника-экономикалық негіздемесінің жобасын жасады. Қазақстандық БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, бір ана сұраным кітабын шығаруға 1,5 млн. доллардан астам қаржы жұмсалған.

2014-жылғы қысқы Олимпиала ойындарын өткізуден үміткер қала құқығы үшін жеті қала, соның ішінде Алматы да бәсекеге түсті. Бейсенбі күні Халықаралық олимпиада комитеті атқару комитетінің Лозаннада өткен отырысында жеңімпаз қалалар ретінде Сочи (Ресей), Зальцбург (Австрия) және Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қалалары аталды.