Жак Роге 6 ақпанда Бакуде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Пекин олимпиадасында бақылау допингі бұрынғыдан күшейтіліп, 4500 бақылау тесті даярланды. Бұл спортшылар арасындағы жарыстардың әділетті өтуін қамтамасыз етеді ", - деп түсіндірді Ж. Рогге.
ХОК басшысы атап өткеніндей, Пекинде өтетін олимпиада ойындарында Әзербайжан спортшыларының жақсы көрсеткіштерді көрсететініне сенімді. Оның сөздері бойынша, Әзербайжанға бірінші рет 1994 жылы келген уақыттан бері елде түрлі спорттық нысандар салынып, олимпиадалық қозғалыстарды дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарылды.
Ал елде дамытылған спорттық инфрақұрылымдар, 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарын Әзербайжанда өткізу жөнінде ұсынысы басқа жеті қалалар арасындағы қызу күресте олардың үмітін арттырады.
"Алайда, Бакуге Олимпиаданы өткізу құқығы беріледі деу ерте. Әрине, үлкен жұмыс атқарылғаннан соң, лайықты үміткер таңдалады", - деді Ж. Рогге.
Ол хабарлағанындай, Бакуге сапары аясында ол Гейдар Алиев атындағы спорттық-концерттік кешенді аралап, "Мусадо" таэквондо орталығы мен хоккей кешеніне барып қайтады.