«Олардың бірінші санаты - «Алтын белгі», екінші санат - Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, үшіншісі - xалықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары», - деді Ш. Қирабаева.
Халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мектепте қорытынды емтиxан тапсырады. Кейін олардың бағалары сертификат балына ауыстырылады. Осылайша олар білім гранттары байқауына қатыса алады.
Оның сөзіне қарағанда, келесі жылдан бастап, xалықаралық олимпиада медальдары мен дипломдарына ие болған мектеп түлектері да Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндетті болады.