Халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың айқын даму перспективаларының болмауы Қазақстанның рейтингінің төмендеуіне себеп болды - премьер

"Халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың айқын даму перспективаларының болмауы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның рейтингін төмендетуіне себеп болды", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, "әлемдік қаржы нарығын жаулап алған тұрақсыздық Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймады". "Мұндай құбылыстар еліміздің ғаламдық экономикалық процестерге жоғары деңгейде интеграцияланғанын тағы бір мәрте дәлелдей түседі", - деді премьер.

Кәрім Мәсімов үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік органдар мен банк секторының сыртқы факторлардың ел экономикасына тигізетін кері әсерін жоюға бағытталған іс-әрекетінің жоспарын дайындағанын еске салды. "Сонымен қатар Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін күшейтуге және қүрылымдық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар да дәйектелген", - деді Кәрім Мәсімов.