Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Орталық Азия аймақтық өкілдігінің басшысы елімізге сапарлап қайтты

Сапар барысында ол ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары Игорь Роговпен, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітовпен, білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарникпен және қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовпен кездесті. Кездесулер барысында 1949 жылғы Женева Конвенциясы мен оның 1977 жылғы қосымша хаттамалары туралы мәліметтерді әскерилер мен мектеп оқушылары арасында тарату мәселесі талқыланды.

Кездесулерде сондай-ақ, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай танымбелгілерін (эмблемаларын) заңсыз пайдалану оқиғаларына заңнамалық үйлестіру жолымен тосқауыл қою қажеттілігі де сарапқа салынды.