Халықаралық сарапшылар 2020 жылға дейін бидай құнының айтарлықтай өсетінін топшылуда - ҚР АШМ

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2007 жылы биоэтанол өндірісінің көлемі 20% асып жығылды. Халықаралық сарапшылардың болжамдары бойынша, биоотын өндірісінің өсуіне байланысты бидай мен майлы дақылдар құны екі тәсілмен көтерілуі ықтимал ", - деп мәлімдеді Б. Оспанов.

Оның сөздері бойынша, "көптеген мемлекеттерде биоотын шығару өндірісіне инвестиция құйылып, осы саланы дамыта алатын елдер биоқуат өндірісін кеңейтетін болса, онда бидай құны 26 пайызға, ал майлы дақылдарға 18 пайызға көтерілуі мүмкін. Бұл бірінші тәсілдің жолы".

"Ал екінші тәсіл бойынша, биоотын өндірісі екі есеге ұлғаятын жағдайда тап болса, онда бидайдың құны 72 пайызға , ал майлы дақылдар 44 пайызға ұлғаюы мүмкін", - деп атап өтті департамент директоры.

Б. Оспанов айтқанындай, " биоотын өндірісі жылдан жылға тиімді, әрі өтімді болғандықтан, жер, су және капитал оның өндірісінде көп қолданылады. Сондықтан, әлем бойынша азық- түлік өндірісімен айналысатындар қатары биоотын өндірісіне көптеп ауысатын болады".