Халықаралық сот Ресейді әлемдік спорт жарыстарынан екі жылға шеттеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот Әлемдік допингке қарсы агенттік пен Ресейдің допингке қарсы агенттігінің арасында өткен. Ресми ақпаратқа сенсек, Ресей тарапына шығарылған үкім әлдеқайда жеңілдетілген екен. Бұған қоса, ресейлік агенттік 1,27 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс.

Қазіргі таңда Ресейдің допингке қарсы агенттігі сот шешімімен толығымен келіспейтінін жеткізді.


"Агенттік Спорттық арбитраждық сотының үкіміне қанағаттанбайды. Өкінішке орай, біздің тараптың келтірген дәлелдердің барлығы назарға алынбады. Агенттіктің қайта қалпына келуі үшін екі жыл уақыт берілді", - деп мәлімдеді Ресейдің допингке қарсы агенттігі.