Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша Қазақстан 2009 жылы экономикалық өсімді ұлғайта алады - Кәрім Мәсімов

"Дегенмен, әлемдік қаржы нарығындағы қыркүйектегі құлдырау қаржылық дағдарыстың әлі де аяқталмағанын көрсетіп отыр. Оның жаңа кезеңі басталатын түрі бар. Әлемдік экономика жаңа қиындықтарға тап болмық. Қазақстан үшін отандық экономикалық жүйеге байланысы жоқ сыртқы кері әсерлер жалғасады деген сөз. Бірақ жағдайды тым әсірелеп, қара тұманды қаптатып қажеті жоқ. Ел экономикасының ахуалы тұрақты және бақылау аясында. Таяу болашақта сыртқы жағдай төтенше тұрақсыз болатындығына байланысты біз өзіміздің экономикалық саясатымызды өз күшімізге және ішкі ресурсқа арқа сүйей отырып құруымыз қажет",- деді үкімет басшысы.