Халықаралық валюта қорының пікірінше, Қазақстан үкіметі халықаралық капитал нарығындағы дағдарысқа қатысты оқиғалар барысын дұрыс басқарып отыр

"Кездесу кезінде Қазақстанның болашақтағы жалпы дамуы талқыланып, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты мәселелер, соның ішінде елдің банк секторының дамуы қарастырылды. ХВҚ өкілдерінің пікірінше Қазақстан үкіметі халықаралық капитал нарығындағы дағдарысқа қатысты оқиғалар барысын дұрыс басқарып отыр ", -деп айтылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

"ХВҚ өкілдерінің жалпы Қазақстанның даму болашағына қатысты пікірі Қазақстанның ресми көзқарасымен сәйкес келеді. ХВҚ болжамдары бойынша биылғы жылы ЖІӨ өсімі 5% құрайды, ал мұнайдан басқа сектордағы көрсеткіштер 4,4% жетеді. Олардың есеп-қисаптары бойынша, ағымдағы операция шоттарының тапшылығына қатысты жағдай жақсарып, ЖІӨ бойынша оның көрсеткіші 2% дейін төмендейтін болады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 9,5% аспайды, ал бұл ҚР ЭБЖМ болжамдарымен сәйкес келеді ", - деп айтылған хабарламада.

ХВҚ миссиясының мүшелері жасаған сараптама қорытындыларында мемлекет экономикасындағы дамудың басымдықтары айқындалған. Онда тәуекелдерді басқару және экономикалық дамудың тұрақты өсімі үшін жағдай жасау мәселелері алға қойылып отыр. Миссияның айтуынша, бүгінгі күні инфляциялық деңгейді төмендеде отырып экономикалық өсімді қолдау қажет, деп атап өтті министрлікте.

Халықаралық валюта қорының миссия мүшелерінің кездесуі соңында жалпы Қазақстан экономикасының дамуы және валюталық реттеу саласы бойынша жасалған ұсыныстары мен қорытынды мәлімдемесі жарияланатын болады.