Онда кәсіби велоклубтар арсында «Астана» - 4, ал ұлттық рейтингте Қазақстан -13 орынға көтерілді. Командалық есепте үздік үштікте Бельгиялық «Omega Pharma Quickstep»( 547 ұпай), Италияндық «Liquigas Cannondale» (516 ұпай) мен Ресейлік «Катюша» (502 ұпай) келе жатыр. Астаналықтардың қоржынында 408 ұпай бар. Ал ұлттық рейтингте Испания (881), Италиия (765) және Бельгия (674) көш бастап келе жатыр. Ал қазақстандықтарда - 100, ресейліктерде - 8 ұпай ғана бар. Егер ресейліктердің 24-орында тұрғанын ескерсек Қазақстан спортшыларының көрсеткіші көңіл қуантарлық деңгейде екеніне көз жеткізуге болады.