Ал әйелдер арасындағы жастар мен жасөспірімдер құрамалары біріктірілген рейтингте 103 құраманың арасында 29-шы орнын сақтап қалды. Бозбалалар болса 112 елдің арасында 41-ден 42-ші орынға бір саты төмендеді.
Ерлер арасында Бразилия, Ресей, Италия, Польша және АҚШ, әйелдер арасында АҚШ, Бразилия, Жапония, Италия, Қытай құрамалары үздік бестіктен орын алып отыр. Ал ерлер арасындағы жастар мен жасөспрімдер арасында рейтингті Сербия, әйелдер арасындағы жастар мен жасөспрімдер рейтингісінде Қытай құрамасы көш бастап тұр.