«Халыққа естіртпей, соңын күттік»: Белгілі әншінің ұлы өз тойының алдында жол апатына түсіп қалды


Әншінің өзі бұл жаңалығын желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақ «Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар» деуші еді. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам! Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық», — деді Өмірқұл Айниязов.

Айта кетейік Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуғаннан кейін арада 21 жыл өткенде қызды болған айтқан еді.