"Бүгінгі жағдаймен елімізде 260 Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылған. Олар 27 түрлі қызмет көрсетеді, ал жылдың аяғына таман осы орталықтар арқылы тағы да 32 қызмет көрсетіледі", - деді З. Балиева.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын зерттеу жөнінде министр З.Балиева басқарған комиссия құруды тапсырды.