Бұған әсіресе өз ойларын еркін жеткізе алмай, осыған дейін орта жолдан кері қайтып келген жарымжан жандар қатты қуанып отыр. Себебі бірін-бірі түсінбегендіктен қажетті құжаттына қол жеткізе алмаған олар көп қиындық көрген еді. Енді орталыққа бас сұққан мүмкіндігі шектеулі азаматтар аудармашының көмегіне жүгінбей-ақ құжатты өздері рәсімдей беретін болды. Шығыс Қазақстанда қазір осындай 40 мыңнан астам азамат бар екен.
Жадыра Төкенова, Өскемен қаласы ХҚКО қызметкері:
- Алдында бізге бір клиент келді. Мекен-жай анықтамасын алу үшін деп ойлапты біздің қызметкерлер. Мені шақырған кезде, сөйтсем, ол балабақшаға жеңілдік үшін жұмыссызбызбын деген құжат алуға келіпті.