Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Владимир Божко кеңестің алдында тұрған негізгі міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. «Бұл - үш елдің Кеден және экономикалық одағы аясындағы ықпалдасу процестерін одан әрі тереңдетудегі, тарихи тамыры терең әрі соңғы 20 жылдың ішінде халықтар мен төтенше жағдайлар ведомстволары арасында қалыптасқан мығым қарым-қатынасты нығайтудағы кезекті шынайы қадам», - деді ол.
Отырыс барысында мемлекеттік өрт қадағалауды жүзеге асыру оның тиімділігін арттырудың жолдары мен тәсілдері, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті ынталандырудың экономикалық негіздерін енгізу мәселелері талқыланды. Халықты төтенше жағдайлардан қорғануға үйретудің инновациялық технологиялары қаралды.
Сондай-ақ бірлескен ғылыми-техникалық кеңес аясында халықты оқытуды ұйымдастыру, ақпараттандыру және хабардар ету мәселелері жөніндегі жедел топ құрылып, кеңестің 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.