«Халықтың салығынан түскен ақша осындай қатындардың ермегіне айналды»: Аста-төк өмірін көрсеткен қазақстандық футболшы көптің ашуына тиді

Қымбат дүкендерге барған сәтін футболшының сүйіктісі өзінің Instagram желісінде жариялаған. Ондағы видеода қос ғашықтың Париж қаласында жүргенін көруге болады.

Сонымен бірге онда футболшының Loro Piana, Saint Laurent, Cartier, Dior және Prada дүкендерінен қымбат сыйлық алып жатқан сәтін анық көруге болады.

Видео соңында қос ғашық Париждегі қымбат мейрамханалардың бірінде тамақтанады.

Естеріңізде болса, 23 жастағы қазақстандық футболшы бұған дейін сүйіктісі Мерей Әбіловаға Эйфель мұнарасының басында үйлену туралы ұсыныс айтқан еді. Қазіргі таңда футболшы литвалық «Жальгирис» футбол командасында өнер көрсетеді.

Желі қолданушылары қазақ футболшысы мен оның сүйіктісінің бұл әрекетін жаппай сынап тастаған. Олар елімізде футболшылардың жалақысы тым жоғары екенін әрі олар нәтижелі ойын көрсетпейтінін айтқан. 


"Халықтың салығынан түскен ақша осындай қатындардың ермегіне айналды, қайран ақша", "Біздің билік не қарайды осы? Отыз жыл оңды-солды шашты ғой осы футболшысы бар, хоккейшісі бар, басқасы бар? Бұлардан жалпы сұрау бола ма өзі?", "Есіл ақша осылардың тоқалдары мен нақсүйерлеріне кетіп жатқан, бейшара халық жүр тамақ пен киімді несиеге, қарызға алып" деп жазды олар.