Халықтық альянс: «Ел аумағындағы Ресей полигондарының барлығы жабылсын!»


- Ассалаумағалейкум, атым Санат,

Гептилды ойлағанда кеудем жанады.

Алып келдім халқыма мына газетті,

Білгісі келген адам бәрін табады.

Осы күнге дейін тек үндеу жасаумен шектелген белсенділер бір сағатқа жуық жалғасқан шара барысында еліміздегі жалға берілген әскери полигондардың қандай зиян келтіріп жатқанын суреттермен көрсетіп шықты. Сонымен қатар ерекше қойылым арқылы қазақ шапанын жамылып, ел қамын ойлап жүрміз деген атқамінерлердің шындығында Ресейдің сойылын соғып жүргенін түсіндірмек болды. Соңында шапан астындағы орыс киімін шешіп, қазақ даласындағы әскери полигондар мен улы гептилмен ұшырылатын зымырандарға тыйым салуды талап етті.