Халықтық банк үшінші шығарылған субординациялық облигацияларды алғаш рет саудаға шығаруды аяқтады

6 жыл мерзіммен айналымға шығарылған субординациялық облигациялардың үшінші эмиссиясы номиналы 1 теңгелік 4,5 млрд. дана облигациядан құралып, жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрап отыр. Облигациялар құжатсыз түрде шығарылды.

Банктен хабарлағанындай, облигациялардың үшінші эмиссиясы 9 проценттік жылдық өсіммен саудаға шығарылып отыр.
Жаңадан шығарылған облигациялардың 21,11 проценті "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның арнаулы сауда-саттық алаңында сатылса, 78,89 проценті облигацияға тікелей жазылу жолымен сатылды.
Соның нәтижесінде облигациялардың тіркелген көлемінің 25,11 проценті екінші деңгейдегі банктердің, 67,11 проценті зейнетақы қорларының, 2,54 проценті брокерлік компаниялардың, 5,23 проценті сақтандыру компанияларының иелігіне көшті.
Банк облигацияларының үшінші шығарылымы 2003-жылдың 25-маусымында "Қазақстан қор биржасы"-ның "А" листингіне қамтылды. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Қазақстан қор биржасының сауда алаңында Халықтық банктің барлық құнды қағаздары, атап айтсақ, банктің қарапайым және артықшылықты акциялары мен үш эмиссиямен шығарылған субординациялық облигациялары сатылуда.