«Халықтық IPO» бағдарламасы халықтың қаржылық білімін арттыруға көмектеседі - М.Сейдахметов

«Егер «ҚазТрансОйл» компаниясының «Халықтық ІРО»-ға шыққан кезімен салыстырсақ, бұл бағдарламаға деген халықтың сенімі ерекше өсті. «Халықтық ІРО» бренді әбден бекіді. Бірінші ІРО-ға халық қызығушылық жетегінде келген болса, қазір барлығы үлкен сеніммен және үкілі үмітпен ағылуда», - деп атап өтті ол.

Сарапшының айтуынша, халықтық ІРО бағдарламасын ең алдымен әлеуметтің қаржы саласындағы білімін жетілдіруге арналған құрал ретінде қарастыруға болады. Яғни салымшылардың пайда көруі деңгейі өздері таңдаған компания акцияларының бағасына тығыз байланысты.

«Халықтық ІРО-ның басты мақсаты - тұрғындардың қаржылық білімін дамыту, сол арқылы олардың өз қаражатын тиімді ингвестициялап, тиісінше пайдасын көруге үйрету. Дегенмен бұл жерде әрбір эмитенттің өзіндік ерекшелігі бар екенін, соған байланысты олардың барлығы бірдей жоғары табысқа кепіл бола алмайтынын ескеру қажет», - дейді М. Сейдахметов.