Халықтық IPO-дан келіп түскен қаржы компанияны дамытуға бағытталады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті. 

«Халықтық IPO-дан келіп түскен қаржыны компанияны дамытуға пайдаланамыз. Соның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын боламыз», -деді Б. Қажиев.

Айта кетейік, 5 қарашадан «КЕГОГ» акциясын сатып алуға өтінім қабылдана бастайды. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің бекітілген шешіміне сәйкес, алғашқы лекте «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының 25 999 999 данасы саудаға шығарылады. Қарапайым бір акцияның құны 505 теңге.