Оның айтуынша, мұндай шара дүниежүзінде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Фестивальге қатысушылар бірнеше күнге жалғасқан мұқият іріктеу шаралараның нәтижесінде таңдап алынған. Барлығы 300 үміткерден небәрі 92 адам іріктеліпті. Олардың қаншасы медициналық байқаудан өтетіні беймәлім.
Биыл "Алматы құтқарушылар қызметі" мен Армияның орталық спрот клубынан жасақталған Қазақстандық екі альпинистік құрама Хан Тәңірі шыңына көтеріледі. "Қазақстандық құраманың дайындығы мықты. Біздің пайымдауымызша, альпинизм спортынан Ресей Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құрамасынан кейінгі дүниежүзіндегі екінші орынды Қазақстан құрамасы иемденеді деп санаймыз",- дейді Б.Ысқақов.
"Хан Тәңірі-2003" Халықаралық 2-фестивалі аясында өткізілетін құтқарушылардың халықаралық 1-слетына қатысушылар альпинистерді қорғайтын болады. Сол үшін "Ақкөл" альпинистік лагеріне Ресей Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен "Алматы құтқарушылар қызметі"-нің екі құрамасы келіп жетті.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы Владимир Работяговтың айтуынша, алдағы аптаға жасалған күн райының болжамы нашар, жауын-шашын күтілуде, сол себепті, шыңға көтерілу мерзімі ұзаққа созылып кетуі мүмкін.