Хатшылық мүшелері Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі жанынан арнайы қор құруды ұсынуда

 Астанада сәрсенбіде Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 12-ші отырысына қатысушылар арнайы қор құру туралы ұсыныс жасады, олардың айтуынша, ол қордың ақшасы форум ұсыныстарын жүзеге асыруға, конференциялар ұйымдастыруға, кітап шығаруға жұмсалмақ. .


           "Әр ұсыныс негізделуге тиіс, кейбір ұсыныстар тым жақсы, бірақ оның қаржылық негізі жоқ", деді Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Гаджи Аллахшукюр Паша-Заде.
           Қазақстан сенатының төрағасы, Съезд хатшылығының жетекшісі Қайрат Мәми қор құру мәселесін жақсылып талқылау керек, деп айтты.