Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметіне сілтеме жасап BAQ.kz хабарлады.
"Әңгімелесу конкурсының нәтижесі бойынша Қытайдағы жоғары оқу орындарында білім алу бойынша 122 адам ұсынылып, 36 адам қосымша тізімге енді. Үміткерлерді таңдау құзыры тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия мүшелеріне берілді. Олардың арасында Назарбаев зияткерлік мектептерінен, «Білім инновация лицейі», сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың мүшелері болды" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ХБО өкілдері ең соңғы шешім Қытай елі тарапынан қабылданатынын айтты.