Қазақ телевизиясында бұрын-соңды болмаған ең ауқымды, ең тартысты «Хеллоу, Қазақстан» реалити-шоу ертең эфирге шығады. Әріптесіміз Нартай Аралбайұлы тізгінін ұстаған тележобаның құпиясы мен қызығы мол. Онда біздің жерімізде ешқашан болып көрмеген 12 шетелдік азамат қазақ халқының болмысымен танысып, қонақжайлығын көреді. Бағдарламада болатын қызықтың бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ендеше ертең, 30 тамыздан бастап әр сенбі күні сағат 15-00-де КТК телеарнасынан «Хеллоу, Қазақстан» реалити-шоуын тамашалаңыздар. Хабар әр жексенбіде қайталап көрсетіледі.